Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында жұмыртқа бағасын негізсіз көтерген құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

Қостанай облысында жұмыртқа бағасын негізсіз көтерді деген айыппен құс фабрикасына қатысты тергеу басталды. Фабриканың бәсекелестік туралы заң талаптарына қаншалықты қайшы әрекет еткені тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Арна мәліметінше, кәсіпорын күзде өзге бәсекелестері 35 теңгеден сатқан жұмыртқаның көтерме құнын 45-47 теңгеге бағалаған. Хабар 24 арнасының хабарлауынша, былтыр екі бірдей құс фабрикасының жұмысында кәсіпкерлік кодексін бұзу белгілері анықталған. Енді аталмыш құс фабрикасының бәсекелестік туралы заң талаптарына қаншалықты қайшы әрекет еткені тергеу барысында анықталатын болады.

"Заң бойынша тергеу үш ай жүргізіледі. Бір ескеретін жайт, біз соңғы инстанция емеспіз. Құқық бұзушылық табылған жағдайда материал сотқа жіберіледі. Егер бұзушылық анықталса, тапқан табысынан бес пайызы таза табысы тәркіленеді", - деді бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дастан Сәмен. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады