Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмыртқа 700 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Қазақстандық құс өсірушілерге мемлекеттен берілетін субсидия толығымен тоқтатылады. Соның салдарынан жұмыртқа қымбаттайды. 2022 жылдың басында он жұмыртқаның бағасы 700 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін сарапшылар жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kazakh-zerno.net сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда он құс фабрикасының жабылуы бағаның өсуіне ықпал етеді. Жабылу бизнестің рентабельділігінің төмендеуіне байланысты: құс еті қымбат, отын қымбат. Егер субсидия болмаса жұмыртқаның бағасы айтарлықтай көтеріледі.

Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында құс өсірушілер мемлекеттік қолдаудың жоқтығына шағымданады. Олардың жұмыртқа бағасын екі есе көтеруден басқа амалы жоқ.

Солтүстік Қазақстанда отыз бес құс фабрикасы бар. Құс өсіру мен өндіріс шығындары артып келеді. Осыған байланысты көптеген адамдар осы салада жұмыс істеуден бас тартады.

2021 жылы азық екі есе, ал дизель отыны бір жарым есе қымбаттады. Егер келесі жылы Мемлекет құс өсірушілерді субсидиялаудан бас тартса, онда жұмыртқа екі есе қымбаттайды. Егер субсидиямен бір жұмыртқа 35 теңгеден басталатын болса,  субсиядиясыз 50 теңгеден басталатын болады.

Осыған дейін отандық құс фабрикаларына әр жұмыртқаға үш теңгеден субсидия бөлінді. 2021 жылы олардың мөлшері екі есе азайды. 2022 жылдан бастап олар мүлдем алынып тасталуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты