Екібастұздағы жылу магистралін жөндеу жұмыстарына өзге өңірлерден бригадалар жұмылдырылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 08.00-де Екібастұздағы төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штабтың отырысы өткен. Онда қаланың жылу желілеріндегі қазіргі жағдай мен температуралық режимді қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланған. Бүгін жылу магистраліндегі екі негізгі жарылған жерді қалпына келтіру және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 17 көппәтерлі үйді жылыту жүйелеріне қосу жоспарлануда.
Ол үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан яғни Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) келген жөндеу бригадалары жұмысқа кіріскен. Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өскен. Сондай-ақ үкіметтің баспасөз қызметі сағат таңғы 9.00-ден бастап қаланың әлеуметтік нысандары тексеріліп жатқанын атап өтті. Үкімет пен жедел штаб мүшелері Екібастұз қалалық ауруханасында, қабылдау бөлімінде, перзентханада болған. Сонымен қатар олар Екібастұздың Мәметов, Шешембеков көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерді, "Өнер" мәдениет үйін аралап көрген.
1-12-2022, 17:55
Екібастұздағы жылу магистралін жөндеуге басқа облыстардан бригадалар келуде
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз