"ОАЭК" АҚ басқарма басшысы Бағдат Орал брифинг барысында Екібастұздағы учаске басшысының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz
Брифинг барысында аталған сұрақты тілшілер жолдаған. Олар марқұм қызметкер апат болған күні жұмыс орнында болды ма деген сұрақ қойды. "Ол жұмыс орнында болмады, онда демалыс күні еді", – деді Бағдат Орал.
Айта кетейік, кеше 33 жастағы Екібастұз ЖЭО учаске басшысының өз көлігінде өлі табылғаны туралы ақпарат расталған еді. Кейін белгілі болғандай, полиция бүгінде аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.
7-12-2022, 15:36
ОАЭК басшысы Екібастұз ЖЭО қызметкерінің өлімі туралы өз ойын айтты
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз