Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда төтенше жағдай режимі қашан алынады

Екібастұз қаласында апатқа байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі сақталып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілетеме жасаған kazlenta.kz


«Төтенше жағдай режиміне сәйкес барлық жұмыс біткен соң тиісті шешім қабылданады», - деп қысқа қайырды Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жедел штаб ұйымдастырған баспасөз мәслихатта.


Одан бөлек, шаһар басшысы қиын жағдайда қол ұшын созып жатқан барлық азаматқа алғысын айтты. «Көмегін ұсынып жатқан қала және ел тұрғындарына мың мың алғыс. Өте көп қоңырау келіп түсуде. Жанашыр жандардың қолдауын сезіп жатырмыз. «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы жанынан гуманитарлық штаб құрылды. Көмектің дені сонда келіп жатыр», - дейді ол.


Еске салсақ, 28 қарашада Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланды.  «Азаматтық қорғау туралы заңның 48-бабына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі», - деген хабар таратқан еді қала әкімдігі.


Бұған дейін Екібастұз әкімі тұрғындар шығынының қалай өтелетіндігіне қатысты түсінік берген еді.  Сондай-ақ, қаладағы 12 үйге жылудың ішінара қосылғаны айтылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді