Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Петропавлда 2-жылу-электр орталығындағы апатқа байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Ресми құжаттың жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына жарияланды. Шешім қабылдауға Петропавл қаласы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 4 шілдедегі № 7 хаттамасы негіз болған.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР-ның 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР-сының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 және 50-баптарына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» ҚР-сы Үкіметінің 2014 жылғы 02 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Петропавлдағы 2-ЖЭО апатқа байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», - делінген құжатта.
 
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға Петропавл қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жанболат Батырбеков басшылық етпек. Бұл шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Естеріңізге салайық, 20 наурызда Петропавлдағы жылу-электр орталығының түтін мұржасы жартылай опырылып құлаған еді.

Салдарынан жұмысшы әйел мерт болды. Ал облыс орталығында тұрғындар пәтерлерінің суып кеткеніне шағымданды. Кейін осы кәсіпорынның бірнеше басшысы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. СҚО әкімі орталықтың жартылай құлаған мұржасы толық бұзылып алынатынын айтты. Сондай-ақ, Энергетика министрі Болат Ақшолақов Петропавлдағы мұржасы құлаған 2-ЖЭО-да болып, нысанды күрделі жөндеуге 17,5 млрд теңге қажет екенін айтты. Ал, жуырда «Севказэнерго» АҚ түтін мұржасын бөлшектеуге неге үш адамның ғана жұмылдырылғанына түсінік берді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады