Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Франция президентін Қазақстанға шақырды

Парижге ресми сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Келіссөзге дейін Елисей сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында. 

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен келуге шақырғаны және Қазақстан президенті лауазымына қайта сайлануына орай құттықтағаны үшін Эмманюэль Макронға алғыс айтқан.    Мемлекет басшысы бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік беретінін атап өткен.

"Франция 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 17 миллиард доллар инвестиция құйып, ең ірі бес инвестор елдің қатарына кірді. Соңғы 9 айда екіжақты тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Францияның Орталық Азия елдерімен жасаған сауда-саттығының 90 пайызы Қазақстанға тиесілі. Екі мемлекет энергетика, тау-кен өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, аэроғарыш, машина жасау, денсаулық сақтау және тамақ өнеркәсібі салаларында тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асырып келеді. Қазақстанда 170-тен астам франциялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында экономикамыздың жетекші инвесторлары саналатын Total Energies, Air Liquide, Airbus, Alstom, Orano және Danone секілді компаниялар бар. Былтыр елдеріміз Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі жол картасын бекітті", - деп хабарлайды Қазақстан президентің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғыру үдерісі жөнінде айтқан. Өз кезегінде Эмманюэль Макрон Қазақстан Францияның  стратегиялық серіктесі екенін атап өткен. Оның сөзінше, екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Энергетика саласында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еуропалық Одақ Қазақстандағы түрлі жобаларға инвестиция салып келеді.

Сонымен қатар кездесу барысында Эмманюэль Макрон 2024 жылы Қазақстанда француз тілінде оқытатын жаңа мектептер ашылатынын мәлім еткен. Франция президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға да қолдау білдірген. Бұдан бөлек тараптар екі елдің білім және мәдениет салаларындағы байланыстарын нығайту жөнінде пікір алмасып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Орталық Азия өңіріндегі жағдайды талқылаған. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Қазақстанға сапармен келуге шақырды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады