Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Айшуақ-Жантүгел” ҰҚТ-ның мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өтті

26 наурызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ҰҚК және БП-мен бірлесіп, сондай-ақ, арнайы жасақ бөлімшесінің қатысуымен Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция барысында бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған “Айшуақ-Жантүгел” ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізілген арнайы операцияның нәтижелері бойынша ұсталғандардан екі “Калашников” автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, “Калашников” пневматикалық автоматы, “Ф-1” қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ, 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасуда.

Ұсталған адамдарға қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді