Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚазМұнайГаз акцияларын иеліктен шығару туралы Үкімет қаулысын түсіндірді

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Үкіметтің компания акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы қаулысына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


«2022 жылдың 5 қарашасында қабылданған Үкімет қаулысы жекешелендіру аясында жалпы иеліктен шығарылуы мүмкін (2022 жылғы ІРО аясында ғана емес, сонымен бірге келешекте құнды қағаздардың ұйымдастырылған нарығында компания акцияларын әлеуетті ұсынуға орай) акциялардың максималды санына қатысты», - деп атап өтті ҚазАқпарат сауалына түсініктеме берген компания баспасөз қызметінен.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының нақтылай түсуінше, осы ұсыныс аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі акциялардың 5 пайыздан аспайтын мөлшерін сату жоспарланған.


Алдағы уақытта акциялардың нақты саны, құрылымы мен құны өтінімдерді жинау аяқталғаннан кейін Үкімет қаулысымен бекітіледі.

Кеше «ҚазМұнайгаз» компаниясы акцияларын халықтық ІРО-ға шығаруға жол ашатын Үкімет қаулысы жарияланған болатын.

Айта кетерлігі, таяуда «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қор «ҚазМұнайГаздың» 30 505 974 жай акциясын сатуға ниетті екенін айтқан еді.


Бұл ретте бір жай акцияның бағасы шамамен 8 406 теңге болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді