Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бүгін ел аумағы мен Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК 7 қараша, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін бүкіл ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Яғни кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр және қар) түседі, оңтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша тұман, жел, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ күтіледі. Одан бөлек, солтүстікте бұрқасын күшейюі ықтимал. Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр жауады. Метеорологтардың мәліметінше, дегенмен бүгін еліміздің екі мегаполисінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Мәселен, Астана қаласында көшпелі бұлт шығып, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Түнде 3-5, күндіз 0-2 градус аяз болады. Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, жел соғады, күші 2-7 м/с. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады. Ал Шымкент қаласында да бүгін күн бұлтты болады. Таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 8-13 м/с, таңертең және күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде және күндіз 8-10 градус аралығында жылы болады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты