Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дүйсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК 19 қыркүйек дүйсенбегі арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнгі сағаттарда республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік күтіледі. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Сондай-ақ ел аумағында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі. Сонымен қатар, бүгін Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі, Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Одан бөлек, түнде Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік, түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының басым бөлігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Ал еліміздің үш мегаполисіндегі ауа райына келсек, бүгін елордада көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші 3-8 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады. Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы болады. Бұдан бөлек, күші 2-7 м/с-қа дейін жететін жел тұруы ықтимал. Шымкент қаласында да бүгін көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 8-13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 30-32 градус жылы болады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді