Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде аптап ыстық күтіледі

"Қазгидромет" РМК 19 шілде сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Kazlenta.kz

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек батыс пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте тұманды болуы мүмкін, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Сонымен қатар бүгін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі күтіледі. Одан бөлек күндіз Түркістан, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі. Синоптиктер сейсенбіде еліміздің ірі үш қаласында ауа райы қандай болатынын да болжады.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан жел соғып, екпіні 2-7 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз 28-30 градус ыстық болады. Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Бұдан бөлек, екпіні 2-7 м/с-қа дейін жететін жел тұруы ықтимал. Күндіз 30-32 градус ыстық болмақ. Шымкент қаласында да бүгін жауын-шашын жаумайды.

Дегенмен солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 8-13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сынап бағанасы күндіз 36-38 градусқа дейін көтерілмек. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты