Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндалды. Министрдің айтуынша, қаңтардың ортасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тәулігіне 16 500 адам болса, бүгінде шамамен 1 500 адам тіркелген. Жалпы еліміздегі  эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта стационарлардың 20 пайызында ғана науқастар ем алып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

 Сондай-ақ Ажар Ғиният көптеген шектеу шараларының алынғанын, оқушылардың дәстүрлі оқыту жүйесіне, кәсіпорындардағы жұмысшылардың оффлайн жұмыс істеуіне рұқсат берілгенін атап өтті. Ведомство басшысы ревакциналау жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді.

Министр Президентке денсаулық сақтау саласын жетілдіру жөніндегі жоспарын таныстырды. Оның айтуынша, министрліктің жұмыс жоспары ең алдымен алғашқы медициналық көмекті жетілдіруге, ауыл-аймақтардағы денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар биыл Балалар жылы болып жарияланғандықтан, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда мектептегі медицинаның жаңа тәртібі мен стандарты қабылданады.

Мемлекет басшысы министрліктің жұмыс бағытын қолдайтынын айтып, денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды