Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы талқылануда

Астанада ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденовтың төрағалығымен “Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” заң жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

Заң жобасы Мемлекет басшысының адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралар туралы тапсырмасы және заңның үстемдігі аясындағы шараларға орай әзірленуде.

Отырысқа ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың сарапшылары, Білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бас прокуратураның, Қаржы мониторингі агенттігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, Экономикалық зерттеулер институтының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, елорданың жетекші жоғары оқу орындарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жұмыс тобы заң жобасында қолданылатын негізгі ұғымдарды, заң жобасының қолданылу аясы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері, уәкілетті органдардың адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функциялары, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың құзыреттерін және басқа да мәселелерді талқылады.

Заң жобасын енгізу мерзімдері: 2023 жылғы қаңтар – Әділет министрлігіне, 2023 жылғы ақпан – Үкіметке, ал 2023 жылғы сәуір – Парламентке енгізу белгіленді.

Әзірлеу жұмыстары жалғасуда.

Талқылау және заң жобасына енгізу үшін өз ұсыныстарыңызды s.stoptrafik@mvd.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты