Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Human Rights Watch ұйымы «Қасіретті қаңтар» оқиғаларын тергеу бойынша диалогты бастады

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Human Rights Watch халықаралық үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Кеннет Ротпен бейнеконференция форматында кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Тараптар Қазақстандағы «Қасіретті қаңтар» оқиғалары аясында адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды сақтау мәселелерін талқылады.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттің құқық қорғау органдары қарулы тәртіпсіздіктерге еліміздің заңнамасына сәйкес бейтарап тергеу жүргізуді толық қамтамасыз етуі тиіс», - деді Сыртқы істер министрі.

Өз кезегінде К. Рот «біз Қазақстан билігінің диалог пен ынтымақтастыққа ашықтығын және адам құқықтарының халықаралық стандарттарын сақтау жөніндегі міндеттемелерін растауын құптаймыз», - деп атап өтті.

Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Human Rights Watch ұйымының қаңтар оқиғаларын объективті тергеуге мүдделі екені атап өтілді. М.Тілеуберді қазақстандық тергеу органдары азаматтарымыз бен халықаралық қауымдастықты алаңдатып отырған әрбір нақты жағдайды қарастыруға дайын екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша адам құқықтарын сақтау мәселелері жөнінде жұмыс байланыстары мен мазмұнды диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты