Мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласы қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы биылғы екінші тоқсанда 249 мың теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғыдан 22,6% көбейді. Жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсімі 7,6%-ды құрады, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Сектордағы ең жоғары жалақы міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында белгіленді: 654 мың теңге, бір жылдағы нақты мәнде 1,3% өскен. Мемлекеттік қызмет саласында еңбекақы 246,6 мың теңгені, жалпы мемлекеттік басқару және әлеуметтік-экономикалық басқару саласында 249,3 мың теңгені құрады. Өңірлер бойынша саладағы ең жоғары жалақыны елордалық қызметкерлер алды: 393,3 мың теңге, былтырғыдан 9,3% артық. Үздік үштікке сондай-ақ Қызылорда облысы (283,9 мың теңге, 36,4% көбейген) және Алматы (265,5 мың теңге, 14,7% көбейген) кірді.
Ең төменгі көрсеткіштер Ақмола (209,1 мың теңге, 28,4% көбейген), Абай (209,7 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (212,7 мың теңге, 21,3% көбейген) облыстарында тіркелді. Биылғы екінші тоқсанында мемлекеттік басқару және қорғаныс, сондай-ақ міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 487,2 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7% артық.
Салада жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі Жамбыл облысында байқалды: өткен жылмен салыстырғанда 41,9 мың адам. Одан кейінгі орында елорда (41,7 мың адам) мен Алматы облысы (40 мың адам).
ҚР қарулы күштерінде әскерге шақырылғандар запасқа шығарылуда. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 наурыздағы Жарлығына сәйкес биылғы күзде әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген 7 мыңға жуық әскери қызметші қарулы күштер қатарынан шығарылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Отставкадағы әскери қызметшілер үйге келгеннен кейін жергілікті әскери басқару органдарында әскери даярлықтан өткен запас ретінде есепке алынады.