Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Берекелі қоғамның бастауы - жастар

Берекелі қоғамның бастауы - жастар
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құруда жас буынға үлкен үміт артатыны туралы Жолдауда баса айтты. Жастарға жан-жақты қолдау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін айтып, келесі жылы 100 мың жастың жұмыспен қамтылатынын жеткізді. 

Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында оларға жеңілдетілген тәртіппен 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Алдағы уақытта шағын бизнес те жастардың тың бастамаларымен жаңа деңгейге көтерілмек. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенов университетінде «Аманат» партиясы ШҚФ Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов студенттермен кездесуінде мəлім етті. Кездесуде ол, жастармен бірге Жолдауды жүзеге асыру жайында пікірлесті.

Естеріңізге сала кетейік, Президент жолдауының үшінші бағыты: жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, сапалы білім алуы мен жұмыспен қамту және жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған. Кездесу барысында Мұратәлі Оразалыұлы берекелі қоғам бастауы жастар екенін айта келе, алда үлкен мүмкіндіктерге жол ашылатынын жеткізді. Жас буын өкілдері де өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, емен-жарқын əңгіме өрбітті.

- Бүгінде жастардың алдында үлкен міндеттер тұр. Олар өз білімін əрі қарай ел келешегінің дамуына арнап, экономиканың қай саласында болмасын еңбек етуді қалайды. Олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы, төмен пайызбен несиенің қарастырылуы жүзеге асатын болса, қоғамның жастар бөлігі дамудың даңғыл жолына түсері анық. Мұндай маңызды кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ. Онда нақты идеялар мен нəтижелер қаралады, - деді «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы.

Шым шаһар үшінші мегаполис ретінде жастардың ең көп шоғырланған аймағы саналады. Жəне қалада бірнеше жоғарғы жəне орта арнаулы оқу орындары бар. Оларды тəмамдаған түлектер тұрақты жұмыспен қамтылып, өз кəсібін ашуға, жарқын да табысты болашақта өмір сүруге мүдделі. Жолдаудың көздегені де осы. Бастаманы білімді де білікті жастармен бірге жүзеге асыру, олардың мақсаттарына қанат бітіріп дем беру. Сондықтан жас буынмен бірге Жаңа Қазақстанды құруда атқарылар шаруа қыруар болмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді