Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Nur Otan: Жастар ел келешегін жарқын етуі тиіс

Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Мұны ескерген кез келген мемлекет жастар саясатын жүйелі жүзеге асырады. «Жасыңды көрсет, болашағыңды баяндайын» деген де тәмсіл бар. Егер жастар алымды да қарымды, қабілеті мен білімі жарақты болғанда ғана елдің келешегі жарқын болмақ.

Әрине, «Nur Otan» партиясы жастарды қолдауды назардан тыс қалдырған емес. Ескелді ауданы жастары оның ішінде партия белсенділері ауыл-аймақты ішінде, аудан орталығындағы адам көзі көп шоғырланған жерлерде,үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, аудандық сайлауалды бағдарлама көрсетілген кітапшаларды таратып, партия еншісіне дауыс беруге белсенді түрде шақырып жүр. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Идрисов Даулет Садырович жастармен әңгіме дүкен құрып,кездесу барысында келелі мәселелер сөз етті. Үміткер жастардың басты проблемасы жұмыссыздық екенін айтты. Әрине жұмыссыздықпен күресу үшін елімізде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Жастар тартынбай сол бағдарламалардан өз үлесін алуы тиіс, сол бағдарламалар арқылы түйінді мәселелерін шешуі керек.

 
- Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар арқылы жастардың белсенділігін арттыру ғана көзделмеген, олардың қоғам дамуына сүбелі үлес қосуына сеп болу айқындалған. . «Nur Otan»  партиясы сайлауалды бағдарламасында жастардың жайын қалы қалдырмаған. Өйткені партия ел келешегі білімді жастардың қолында болуы керегін назарына алған, - деді үміткер.

 
Жастардың қатарында студенттер көп болғандықтан,жатақханамен қамту жайында да сөз қозғалды.Үміткер сайлауалды бағдарламаға сай алдағы бес жылдықта өңірдің 8 колледжіне 1968 орындық студенттік жатақханалар салынатынын сөз етті.


«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Ескелді ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді