Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полициядан қашпақ болған жүргізуші қайтыс болды: Көлікті қуған тәртіп сақшыларының үстінен іс қозғалды

Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды. Бір жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Жол-көлік оқиғасы 28 қыркүйекте Төле би ауданы Көксайек ауылы көшелерінің бірінде ВАЗ-2103, Audi 100, Mazda 626 көліктерінің қатысуымен болған. Басылым хабарлауынша, Төле би аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған көлік жүргізушісінің мас күйіне күмәнданып, қандай да бір апаттың алдын алу мен мән-жайды білу үшін тоқтатпақшы болады. Осы сәтте көлік иесі тоқтаудың орнына одан сайын жылдамдықты асырып, қаша жөнеледі. Көз ілеспес жылдамдықпен қашқан автокөлік басқа көліктерге соқтығысып, салдарынан жол апаты болған. Оқиға орнына Төле би АПБ-ның басшылығы мен прокурорлар, жедел-тергеу тобы шықты.

"Аталған жайт Төле би АПБ-ға Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Жол апаты салдарынан ВАЗ-2103 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болып, оның жолаушысы мен Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Сол күні қажетті бірқатар сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Медиа-порталдың мәліметінше, қайтыс болған жүргізушінің туыстары жол апаты бойынша полиция қызметкерлерінің үстінен арызданған. Олардың шағымы бірден тіркеуге алынып, Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу жүргізілуде. "Қазіргі таңда жол апатының себеп-салдары мен мән-жайын анықтауға қатысты жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Заңға сәйкес сараптама қорытындысымен нақты процессуалдық шешім қабылданады. Бұл іс Түркістан облысы ПД жеке бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті