Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ОСК Қазақстан президенттігіне өзін ұсынған Польша азаматшасы жайлы түсініктеме берді

Орталық сайлау комиссиясы елімізде алдағы уақытта өтетін кезектен тыс президент сайлауына түскісі келген Польша азаматшасы жайлы айтты, деп хабарлайды ОСК ресми сайтында. 

ОСК-ның мәліметінше, Орталық сайлау комиссиясына Польша азаматшасы Балли Мажец Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде сайлауға түсуге ниет білдіріп, бірнеше рет жүгінген.

"Осыған байланысты Польша азаматшасына республика президенттігіне кандидатқа Конституция және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң бойынша қойылатын талаптар бөлігі, қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді", – дейді Орталық сайлау комиссиясы.

Осы орайда ОСК ел Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар ел азаматы ғана сайлана алатынын еске салды. Сонымен қатар ОСК конституциялық заңда кандидаттарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ ОСК "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 54-бабының 1-тармағына сәйкес, президент болып сайлану үшiн кандидаттың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Одан бөлек ол белсендi сайлау құқығына ие болуы қажет. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты