Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жасады

Орталық сайлау комиссиясы тұрақты тіркеуі жоқ, бірақ президенттік сайлауға қатысуға ниет білдірген қазақстандықтарды әкімдікке тиісті өтініш беруге шақырды. Үндеу ОСК ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz

ОСК сайлауға қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі сайлаушылар тізімінде болу екенін еске салады. Ал бұл тізімдерді тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде әкімдіктер жасайды. Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар тізімдерге олардың орналасқан жері бойынша әкімдіктерге берген өтінішінің негізінде енгізіледі.

"Дауыс беру күні тіркелген жері бойынша сайлау учаскесіне келе алмайтын әрбір азамат дауыс беру күніне бір ай қалғанда, яғни 2022 жылғы 20 қазанынан кешіктірмей тиісті әкімдікке өтініш беріп, олардың нақты орналасқан жері бойынша сайлау учаскесінде тіркелуге құқылы. Өтініш түскен кезде әкімдік азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны дауыс беретін учаскенің тізіміне енгізуді ұйымдастырады", - дейді ОСК.
 
Бұл құқықты: дауыс беру күні тіркелген жері бойынша болмайтынын білетін азаматтар; басқа қаладан келген, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын, жатақханалардан тыс тұратын студенттер; вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады. ОСК хабарлауынша, азамат сайлаушылардың бір ғана тізіміне енгізіле алады. "Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша енгізілгеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады. 2022 жылдың 4 қарашасынан бастап сізге өз учаскеңіздегі сайлаушылар тізіміндегі деректеріңізді тексеру мүмкіндігі берілетін болады", - делінген үндеу мәтінінде. Айта кетейік, биыл 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді