Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ОСК мүшесі президент сайлауын өткізу үшін шамамен қанша қаражат кететінін айтты

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина ведомство отырысында елімізде алда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Мұстафинаның сөзінше, шығыстар негізінен барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшелерінің еңбекақы қорына және ең төменгі жалақы мөлшеріне байланысты. "2019 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге болса, биыл 60 000 теңге болды. Бұл сайлау науқанына арналған сметадағы үлкен өзгеріс ең алдымен кез келген науқан сметасының 80 пайызын құрайтын жалақы қорымен байланысты. Бүгін біз Қаржы министрлігіне сайлауалды науқанға жұмсалатын шығындардың шамамен сметасын ұсындық, қазір біз оны 20,5 миллиард теңге көлемінде деп талқылап жатырмыз.

Сонымен қатар жаңа облыстар мен жаңа сайлау учаскелерінің құрылуына байланысты сайлау жәшіктерін сатып алуға және жарамсыз болып қалған сайлау жәшіктерін ауыстыруға белгілі бір соманы сұрадық", – деп түсіндірді спикер. Сондай-ақ Сәбила Мұстафина елімізде сайлау жәшіктерін дайындау бойынша төрт компания жұмыс істейтінін және олардың бағасы 72-ден 114 мың теңгеге дейін өзгеріп отыратынын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 20 қарашасында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Қазақстан президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді