Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде президентікке үміткерлерді ұсыну 23 қыркүйекте басталады

Орталық сайлау комиссиясының отырысында елдегі президенттік сайлауға дайындықтың күнтізбелік жоспары талқыланды. Онда президенттікке үміткерлердің мемлекет басшысы лауазымына қашан ұсынылатыны белгілі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, президенттікке үміткерлерді ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен, яғни 23 қыркүйектен басталып, осы жылдың 11 қазанында сағат 18:00-де аяқталуға тиіс.

"Сайлау туралы Конституциялық заңның 55-бабы 1-тармағына сәйкес президенттікке кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Ұсыну туралы шешім сайлаушылар жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органының мүшелері", - деп түсіндірді Петров.
 
Кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келетін-келмейтінін ОСК 5 күнге дейінгі мерзімде анықтайды. Кандидат өзін ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестік жиналысы хаттамасынан үзінді көшірмені, сайлауға түсуге келісімі туралы өтінішті және сайлау жарнасының төленгенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс. Сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайды. Сайлау жарнасы кандидатқа егер ол лауазымға сайланса немесе кемінде 5 пайыз дауыс алса, қайтарылады. Еске сала кетейік, кеше кезектен тыс президент сайлауы өтетін күн белгілі болды. Сайлау 20 қарашаға белгіленді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты