Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысындағы жол апатынан тағы бір медициналық қызметкер көз жұмды

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусының соқтығысуынан болған жол апатынан тағы бір медицина қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Facebook-тағы парақшасында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz 

"Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының ұжымы "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС мейірбикесі Айдана Амантайқызы Имашеваның қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол да әріптестері сияқты осыдан бірнеше күн бұрын Ақтоғай ауданында жол апатынан зардап шекті. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресті, бірақ 22 қыркүйекте өкінішке орай бақилық болды", - делінген хабарламада.
 
Ведомствоның мәліметінше, Айдана Амантайқызы өмірінің көп бөлігін мейірбике ісіне арнаған. Оның кәсіпқойлығы мен акушерлік шеберлігінің арқасында металлургиялық комбинат жұмысшыларының оннан астам перзенті аман-есен дүниеге келген. Медицина қызметкерінің артында күйеуі мен үш баласы қалған.

"Айдана Амантайқызы игілікті істерімен емделушілер мен медицина саласындағы әріптестерінің жадында мәңгі сақталады", - деп қосты Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының ұжымы. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан төрт адам мерт болғанын хабарлаған едік. Кейін жол-көлік апатынан Балқаш қаласындағы "Жезған медициналық орталығы" ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина қызметкерінің зардап шеккені белгілі болды. Медицина қызметкерлері Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты