Қарағанды облысында жол апатынан Қарқаралы аудандық ауруханасының директоры қайтыс болды. Бұл туралы "Патриот" парақшасы хабарлап, кейін ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
"Қарағандыдағы жол апатында қайтыс болған әйел Қарқаралы аудандық ауруханасының директоры болып шықты. Ол 59 жаста еді. Светлана Сүлейменова қалада тұратын балаларына барып келе жатқан. Әріптестері ол туралы жылы пікір айтуда", - деп жазды "Патриот" парақшасы. Қайғылы оқиға 13 қыркүйек күні таңғы 09:30-да Доскей және Көкпекті ауылдарының арасында болған.
"Нива" маркалы автокөлік Scania маркалы жүк көлігімен соқығысып қалған. Жол апатының салдарынан "Нива" жүргізушісі ауруханаға түсіп, сол көліктің 59 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Светана Сүлейменова мезгілсіз қазасы туралы желіде жазба қалдырды.
"Қарқаралы ауданының орталық ауруханасы" КММ директоры Сүлейменова Светлана Қобыландиновнаның кенеттен дүниеден өткеніне байланысты жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол 2015 жылдан бастап аурухана директоры қызметін атқарады. Әртүрлі деңгейдегі медицина қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеп, үйреткен тәжірибелі дәрігер.
Сүлейменова көп жылдық тәжірибесінің, адал еңбегінің, жоғары іскерлік және адами қасиеттерінің арқасында әріптестері арасында беделге ие болды. Аурухана ұжымының жұмысын шебер басқарды, барлық қызмет бағыттарында белгілі көрсеткіштерге қол жеткізді. Біз үшін ол әрқашан өз мамандығының нағыз білгірі, мейірімділік пен даналықтың үлгісі болып қала бермек. Оның қажыры мен өмірге деген құштарлығын, жоғары рухани және этикалық қасиеттерін әрқашан есте сақтаймыз. Ол туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - деп жазды Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының желідегі ресми парақшасы.
15-09-2022, 15:30
Қарағанды облысында аурухана директоры жол апатынан қаза тапты
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз