Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан 2 дәрігер қаза болып, тағы 8 медқызметкер зардап шекті

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусының соқтығысуынан болған жол апаты кезінде 2 дәрігер көз жұмған. Қайғылы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

"Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының жанында болған қайғылы оқиғаға байланысты қайғыра көңіл айтады. Жол-көлік апатынан Балқаш қаласындағы "Жезған медициналық орталығы" ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина қызметкері зардап шекті.

Дәрігерлер Балқаш қаласындағы "Қазақмыс" компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшырады.

Министрлік атынан қапияда көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді.

Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды", - делінген министрліктің Facebook желісіндегі хабарламасында. Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан төрт адам мерт болғанын хабарлаған едік.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды