Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жақында ұлды болған Мақпал Исабекова жан сырын ақтарды

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мақпал Исабекова декреттік демалысы қалай өтіп жатқанын айтып, әсерін бөлісті. Бұған дейін қызу жұмыста болған өнер иесі бүгінде өмірі бірсарынды болып кеткенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Мақпал Исабекова өзінің қазіргі өміріне қатысты жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. "Біріне-бірі ұқсас күндер өтуде. Бір-біріне қарама-қайшы сезімдерді сезінудемін. Бір жағынан, шексіз рахат пен бақытқа бөленсем, екінші жағынан, ертеңгі күніңнің белгісіздігі. "Шығармашылық, сенің сүйікті мамандығың қайда қалды? Басқаларға қарашы, сен артта қалдың. Ешнәрсе істемейсің, ешкімге керек емессің", – басымдағы кей сатқын ойлар осындай сөздерге толы. Оның үстіне әлеуметтік өмірден алшақтап, адамдармен араласуымды доғаруым бұл ойларымды нығайта түседі.

Ондай сәттерде жылағым келеді.  Скриншот: Instagram/makosyai "Құдайды ашуландырма, неге шағымданасың? Сенің ұлың бар ғой. Рахметің жоқ!" – дейді тағы сол дауыс. Иә, расында да, менің ұлым бар. Өзім көптен күткен, құдай берген балам. Оның анасы болу, оған қамқор болу сондай бақыт. Бірақ мен енді әйел мен анадан бөлек кіммін? Бұрынғы және қазіргі өзімді қалай тоғыстырамын? Бұның бәрі оңай емес екен. Әзірге оны анықтағым келмейді және оған шамам да жоқ. Тек қазіргі сәтпен өмір сүремін. Жаялықтарды үтіктеп, баламмен серуендеп, оның көздеріне қарап отырып тамақтандырамын. Әзірге бұдан артығы керек те емес", - деп жазды әнші. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты