Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әнші Толқын Забирова жол апатына түсті

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Толқын Забирова жол апатына түсіп, ауруханада жатыр. Өнер иесі желіде суретін жариялады деп жазады Kazlenta.kz

Толқын Забированың жол апатына түскені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Әнші жол-көлік оқиғасы қалай орын алғанын айтып, өзінің қазіргі жағдайын бөлісті.

Өнер иесі орын алған жол апаты салдарынан жоспарлап қойған бірқатар шараға қатыса алмайтын болған. Ол әзірге ауруханада жатыр.

"Алла сақтаған. Алдарына кішкентай балаларын отырғызып машина жүргізіп келе жатқан ата-аналарға не болмаса ұялы телефонына үңіліп қарап, бар жанын беріп, шұқып жататындарға таң қалам. Бұл не? Жауапкершілік қайда⁉️ Өзіңді ойламасаң, айналадағы адамдарды ойлау керек емес па? Осындай біреудің алаңғасырлығынан мен жол апатына ұшырадым. Біздің машинаны соққан жас бала. Мен бір мезгіл есімнен танып, болған жағдайды түсінбеппін. Ол телефонына қарап отырып, тормозды басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соққан кезде ғана бірақ тоқтапты.

Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттерден қалдым (отбасымның жағдайын санамағанда). Енді жас бала деп оны кешіре салуым керек па, жоқ па? Сабақ болсын деп жазалауым керек па? Алла берген өмірді үзіп жіберудің ешкімнің қақысы жоқ! Соны ұмытпау керек! Біз асыққанмен, Алла асықпайды! Әрине, бұған ешқандай заң шығара алмайсың. Ол заң әр адамның санасында болу керек! Бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық. Амандыққа не жетсін, ағайын! Өмір сүру қандай тамаша", - деп жазды әнші. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты