Алматыда 15 қыркүйекте елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын еркін таңдау бойынша бекіту науқаны басталады. Дәстүрлі түрде бұл іс-шара 2 ай бойы өткізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Бұл туралы Алматы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтып берді. "Бүгінде алматылықтардың медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсету үшін 71 медициналық мекемеге тіркелу мүмкіндігі бар, оның ішінде 40 мемлекеттік және 31 жеке меншік нысаны бар", – деді Г. Ысқақова. Спикердің айтуынша, тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақ шеңберіндегі мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникаларға да тіркеле алады.
Ол үшін емхана медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізімінде болуы тиіс. Атап өтсек, биылғы науқан барысында емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2023 жылдан бастап пайдалана алады. Жалпы, емхана ауыстыру міндетті емес. Бұрынғы емхана қызметіне көңілі толатын азаматтар әрі қарай да бұрынғы клиниканың қызметін пайдалана берсе болады.
16-09-2022, 13:20
Алматыда емханаларға тіркелу жұмысы басталды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз