Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жүк пойызы жүздеген қойды қағып кетті

Бүгін, 12 қыркүйек күні Алматы облысының "Жетіген – Құрөзек" аралығында темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойдың 123-ін жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті Instagram парақшасында.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға бүгін, 12 қыркүйек күні сағат 01.24-те Алматы облысында болған. "Бүгін, 12 қыркүйек күні Алматы облысының "Жетіген – Құрөзек" аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқап, шұғыл тежеу қолданған. Алайда, қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Соның салдарынан 530 бас қойдың 123-і пойыз астына түсіп өлді. Пойыздың тұрағы 13 минутты құрады", – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, оқиға орнына Алтынкөл стансасындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетіп, жүргізілген іс-шаралар барысында малдың иесін анықтаған. Ол Алматы облысы Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. "Аталған азамат ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді полиция генерал-майоры. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді