Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда өрт сөндірушілердің еңбекақысы тәртіп сақшыларының жалақысымен теңестірілуі мүмкін

Қазақстанда өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Дмитрий Титовтың айтуынша, елімізде өрт сөндірушілер алғашқы жұмыс жылында шамамен 115 мың теңге жалақы алады, ал еңбек өтілі 20 жыл болса, оның жалақысы 200 мың теңгеден сәл асады. Сондай-ақ Титов Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметінің жеке құрамы 19,5 мыңға жуық адамды құрайтынын мәлім етті.

"Бүгінгі таңда министрлік жалақыны көтеру мәселесін шешу үшін барлық шараларды қабылдауда. Министр бұл мәселе күн тәртібінде тұрғанын бірнеше рет айтты. Оның үстіне Қостанай облысына барған соң президенттің бұл мәселені қарастыру керегін айтқанын көрдіңіздер. Ертең министрлік басшылығы премьер-министрдің қабылдауына барады, онда бұл мәселе пысықталып, сәйкесінше шешімдер қабылданады", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.
 
Титов өрт сөндірушілердің жалақысы нақты қаншаға өсетін айтпады, бірақ олардың еңбекақысы полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлерінің жалақысымен теңестірілуі мүмкін екенін жеткізді. "Бір нәрсені айта аламын - барлық күш құрылымдарының жалақысын теңестіру, яғни өрт сөндірушінің жалақысын полиция қызметкерінің, ҰҚК қызметкерінің жалақысымен теңестіру, осылайша, олардың бірдей ету жоспарлануда", - деді спикер. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты