Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да жол апатынан екі нәресте зардап шекті

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі сәби зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қасілтеме жасаған Kazlenta.kz

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 маусым күні шамамен 22.00-ден кейін Ақжайық ауданы аумағында, Атырау-Орал жолының 351-шақырымында болды.

«Черри» автокөлігін айдаған 1979 жылғы жүргізуші «ЗИЛ» автокөлігін айналып өтем деп аударылып қалған. Автокөлікте 6 жолаушы болған. 19 жастағы әйел жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Сондай-ақ омыртқасы, қабырғалары сынған. Басы мен иық тұсы көгерген екі айлық сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Бір жасар баланың да самай тұсы көгерген. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген. Тағы бір оқиға да түнде Орал қаласында М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болды. «Тойота» шағын автобусы тоқтап тұрған скутер мен «ВАЗ-2110» автокөлігімен түйіскен. Салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді.

Скутерде отырған 17 жасар жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды. Скутердің жүргізушісі көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Жеңіл көлікте болған үш жолаушы дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Бұл жүргізуші де ішімдік ішпеген. Алдын ала болжам бойынша ол ұялы телефонға алаңдаған. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық сараптама тағайындалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда