Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жол үстінде көлігі сынған павлодарлық қарияға жаңа қазақстандықтар "Запорожец" сыйлады

Жол апатына түсіп, көлігінен айырылған павлодарлық зейнеткерге жаңа "Запорожец" сыйға тартылды. Сондай-ақ қазақстандықтар онымен соқтығысқан екінші жүргізушінің Toyota Camry көлігін қалпына келтіруге көмектескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Instagram-дағы "Колеса Павлодара" парақшасының хабарлауынша, жаңа "Запорожецті" зейнеткерге Семей қаласының тұрғыны сыйлаған. Жазба авторының сөзінше, дегенмен көлікті Семейден Павлодарға жеткізу жағынан мәселе туындап отыр. Сондықтан ол көлікті Павлодарға жеткізуге көмек көрсете алатын адамдар болса, хабарласуын сұрады. Себебі, Ефим Никитич сол қалада тұрады. 

Сонымен қатар зейнеткердің атына шот ашылып, оған басқа да қамқор қазақстандықтар, жерлестері ақшалай көмектескен. Қазір қажетті қаражат жиналған. Бастама көтерушілердің айтуынша, жиналған ақша Ефим Никитичке "жаңа көлік" алуға жетеді. 

Еске сала кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы туралы 22 тамыз күні әлеуметтік желіден белгілі болған еді. Желі қолданушыларының назарын жол апатына қатысушылардың бірі "Запорожец" жүргізушісі аударған. Бүлінген көлігіне сүйеніп, мұңайып тұрған қария желідегілерді бей-жай қалдырмаған.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады