Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытайда 60 жылдан бері болмаған құрғақшылық орын алды

Қытайда билік аптап ыстық салдарынан ауа температурасы қаупінің ең жоғары қызыл деңгейін тағы да ұзартты. Бір айдан бері Янцзының орта және төменгі ағысындағы аудандарда күндіз ауа температурасы плюс 40 градусқа дейін жетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Синоптиктердің болжамынша, мұндай ауа райы тағы бір аптаға созылады. Қытайда аптап ыстық екі айдан астам уақытқа созылды. Бұл – 1961 жылы бақылау басталғаннан бергі экстремалды температура сақталған ең ұзақ кезең.


23 тамызда, алты провинция мен Чунцин мегаполисінде термометр бағамы 40 градустан жоғары көтерілуі мүмкін деп күтілуде. Синоптиктер жергілікті билік органдарына аптап ыстықпен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдауды, ашық ауада жұмыс істеуді тоқтатуды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жіті қадағалауды және халықтың осал топтарына ерекше назар аударуды ұсынады. Қытайда ауа райының қолайсыздығы туралы төрт деңгейлі ескерту жүйесі бар, онда қауіптің ең жоғары деңгейі қызыл түспен, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түстермен көрсетіледі. Өткен бейсенбіден бастап Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин муниципалитетінде жоғары ауа температурасы мен құрғақшылыққа байланысты бірнеше орман өрті тіркелді.


Құтқару жұмыстарына және шұғыл көмек көрсету үшін құтқару топтарының, қарулы полицияның, орман өртін сөндірушілердің және басқа ведомстволардың жалпы саны 5000-нан астам қызметкері, сондай-ақ жеті тікұшақ жіберілді.

1500-ден астам адам эвакуацияланды.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Қытайдағы қуаңшылық егін шаруашылығына қауіп төндіріп тұр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты