Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Испанияда аптап ыстықтан бір айда 2,1 мың адам қайтыс болды

Карлос III денсаулық институтының мәліметінше, Испанияда ауа температурасының шамадан тыс жоғарылауынан 2176 адам көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, 2015 жылдан бері болған өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Испанияның отбасылық және жалпы тәжірибелік дәрігерлер қоғамының өкілі Лоренцо Арментерос адамдардың дені жылу стресінен қайтыс болып жатқанын айтады.  «Өлім-жітімнің көбіне жылу стресі себеп болған. Ол бірден бірнеше мүшеге кері әсерін тигізіп, көптеген мүшелер қызметінің істен шығуына және соның салдарынан өлімге әкелуі мүмкін», - деді Лоренцо Арментерос.  

11-17 шілде аралығындағы аптада Испания жалпы Еуропада өлім көрсеткіші ең жоғары ел болды. Зерттеушілер бұған себеп ретінде аптап ыстық, коронавирус індетінің салдары және марқұмдардың егде жасын атайды. Қайтыс болғандардың көпшілігі – 85 жастан асқандар.  Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Испания биыл екі рет аптап ыстықты бастан өткерді, ондағы ауа температура бірнеше күн қатарынан Цельсий бойынша 40 градустан асқан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты