Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда әуе компанияларының қызметі 27 пайызға өсті

Биыл қаңтар-шілде айларында Қазақстанда әуе компанияларының табысы 276,8 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 189,2 млрд теңгені құраған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


«270,6 млрд теңге сомасындағы негізгі кіріс барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалы есебінен қалыптасты. Тағы 6,2 млрд теңгесі жүк тасымалына тиесілі. Көлікті жалға беруден түскен кіріс 3 млрд теңге болды», - делінген finprom.kz мәліметінде.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде әуе көлігімен 5,8 млн адам сапарлап, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 12,8 пайызға артық. Шілде айында 1,2 млн адам тасымалданып, былтырғыдан 7,3 пайызға көбірек болды.


Жолаушы тасымалының басым бөлігі Алматыға тиесілі, яғни 4 млн адам әуе көлігімен сапарға шықты.


Сонымен қатар, ұшақпен 12,7 мың тонна жүк тасымалданып, бір жылғы деңгейден 36,1 пайызға аздау болды. Ал шілдеде ұшақпен 2,4 тонна жүк жеткізіліп, маусым айына қарағанда 8,8 пайызға өсті.


«2022 жылғы шілденің қорытындысы бойынша жолаушыларға арналған әуе команияларының қызметтері жыл ішінде 26,6 пайызға өсті. Қызмет көрсету құнының едәуір өсуі Түркістан (56,8 пайызға), Жамбыл (46,7 пайызға), Шығыс Қазақстан (44,5 пайызға) облыстарында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында қызмет құны өзгермегеген, сондай-ақ Ақмола облысында 8,7 пайызға, Қызылорда облысында 8,8 пайызға, Павлодар облысында 17,7 пайызға арзандады», - деп аталып өткен таратылған ақпаратта.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады