Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теңгедегі депозиттер бір айда 4,5 пайызға артқан

Қазақстанда депозиттердің сомасы бір айда 7,6 пайызға ұлғайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

«Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 7,6 пайызға артып (жылдық мәнде өсу 8,1% болды), 2022 жылғы маусымның соңында 27 162,9 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 801,2 млрд теңгеге дейін 8,2 пайызға ұлғайды, жеке тұлғалардың депозиттері 13 361,7 млрд теңгеге дейін 7 пайызға өсті», - делінген Ұлттық банк мәліметінде.  Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 581,2 млрд теңгеге дейін 4,5 пайызға артты. Шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 9 581,7 млрд теңгеге дейін 13,9 пайызға өсті.

Долларландыру деңгейі 2022 жылғы маусымның соңында 35,3% (2021 жылғы желтоқсанда – 36%) болды. «Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы маусымда 8 715,6 млрд теңгеге дейін 3,2 пайызға өсті, шетел валютасындағы депозиттер 5 085,6 млрд теңгеге дейін 18,1 пайызға артты. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 865,6 млрд теңгеге дейін 5,8 пайызға ұлғайды, ал шетел валютасындағы депозиттері 4 496,1 млрд теңгеге дейін 9,5 пайызға артты», - деп аталып өткен ҰБ ақпаратында.  

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл маусым айында Қазақстанда АҚШ долларын сатып алу қарқыны бәсеңдеді. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады