Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына жұмыс іс-сапармен барды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына жұмыс іс-сапармен барды

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында  жергілікті тұрғындармен кездесу, аудандық мешіттің  имамдарымен кездесу, БАҚ үшін брифинг, азаматтарды жеке қабылдау шараларын өткізді.

Бірінші кезекте, жергілікті ҚМДБ діни бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өткізілді. А.Омаров мешіт имамдарынан мешіттердің жай-күйін, тазалық мәселелерін, діни әдебиет тапшылығын, сауат ашу курстарын және имамдар мен жамағат арасындағы проблемаларды қарастырды. Сұхбат барысында анықталған мәселелер бойынша түскен ұсыныстар мен шешу жолдарын назарға алынатындығын жеткізді.


Аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, келген жергілікті тұрғындар тарапынан аудандағы белгілі өзекті мәселелер талқыға салынды. Халықты мазалайтын ең өзекті тақырыптары:  жедел жәрдемнің қызметі, жол, ауыз су, интернет және көгілдір отын мәселелері көтерілді. Халықтың тарапынан қойылған сұрақтар: «Неге газ Талас ауданы мен Мойынқұм ауданының шекарасында шығып жатқанымен, кейбір аумақтар әлі де ғазбен қамтылмаған?», «Неге Ұланбел ауылында бүгінгі күнге дейін интернет желісі жоқ?», «Неге көпбалалы аналар мен мектеп жастағы балаларға көрсетілетін көмек мөлшері аз?», «Не үшін ауданымыздағы кейбір шалғай ауылдар ауыз сумен қамтамасыз етілмеген?», «Шу-Мойынқұм трасса тас жолы сын көтермейді?», «Жастардың көбісі ауылдық жерлерде жұмыс тапшылығы». Жоғарыда қойылған сауалдарға аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Исақов, аудандық білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Данияр Ахмеджанов жауап берді.


Ақпарат және қоғамдық даму министрі жергілікті халықпен жеке қабылдау өткізіп, айтылған мәселелер мен пікірлер бойынша алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетіндігі туралы айтылды. Сонымен қатар, аудандық «Мойынқұм таңы» газет ұжымының қызметімен  танысып, қызметкерлердің атқарған жұмыстар бойынша алғыс хатымен марапаттады.


Министр Асқар Қуанышұлы Мойынқұм ауданына жұмыс іс-сапар барысында мемлекет тарапынан бөлініп жатқан гранттар мен жастар саясатына қатысты бағдарламалар туралы, журналистер мәртебесі мен құқығы, мемлекеттік тапсырыс  және ақпарат құралдарына қатысты мәселелері көтеріліп, бұл бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстар бақылауға алынатындығын айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді