«Nur Otan» партиясы орталық мемлекеттік орган басшыларының және Мәжіліс депутаттарының желтоқсан айына арналған азаматтарды қабылдау кестесін жариялады. Ол карантиндік шектеулерді ескере отырып, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі алаңында онлайн-форматта өтеді деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Сонымен, 7 желтоқсанда азаматтарды қабылдауды Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Мейрамбек Төлепберген, 9 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов, 10 желтоқсанда – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, 14 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Бекболат Тілеухан, 15 желтоқсанда – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, 21 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Асқарбек Үйсімбаев, 22 желтоқсанда – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 23 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Ирина Унжакова, 24 желтоқсанда – Әділет вице-министрі Наталья Пан, 28 желтоқсанда – Мәжіліс депутаты, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских, сондай-ақ, 31 желтоқсанда – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов өткізеді.
Кездесуге жазылу үшін:
1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. WhatsApp: 8 700 800 4441;
3. komek@nurotan.kz
Қабылдауға жазылу кездесу өткізілетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады.
«Халыққа көмек» жобасы аясында республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлермен, адвокаттармен, медиаторлармен және нотариустармен тегін консультативтік онлайн-кездесулер ұйымдастырылды. Оларға да жоғарыда көрсетілген байланыс деректері бойынша жазылуға болады.