Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі қайтыс болды

Қазақстан республикасының еңбек сіңірген әртісі Тамара Қосыбаева 95 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Тамара Өкіметқызының өмірі жарқын әрі шығармашылыққа толы болды. 1947 жылы жас Тамара КСРО Халық әртісі Григорий Рошаль басқарған киноактерлік мектептің түлегі атанады. Кейін аты аңызға айналған Наталья Ильинична Сац басқарған ТЮЗ-де қызмет етті. Содан кейін қайтадан Ташкент театр институтына оқуға түсіп, оқуды аяқтаған соң Қазақ академиялық драма театры мен Қарағанды облыстық драма театрында ойнады.

Әрине сүйікті кинематографта назардан тыс қалмады, актриса тек Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейде де рөлдерді сомдады. Оны "қазақтың нағыз сұлуы" деп атайтын, өйткені әртіс Баян Сұлудың образын керемет сомдап шыққан. Кейін көрермендер актрисаны Абдулла Қарсақбаевтың "Балалық шаққа саяхат" фильміндегі бас кейіпкердің анасы – дана әйел Әспетпен теңестіре бастады. Одан соң көптеген егде адамдардың рөлдерін сомдай келе Тамара Өкіметқызы мейірім мен махаббатқа толы "халық әжесіне" айналды.

"Кино – менің өмірім, ал актерлік – мамандық емес, шипасы жоқ дерт іспеттес. Сіз ол әлемге толықтай енесіз. Мен қазіргі уақытта романтизмге, шытырман оқиғаларға және әрдайым керемет көңіл-күйге толы сахнаны, рөлдерді, гастрольдерді сағындым", - дейтін актриса. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Қазақстан киногерлері одағы ҰКҚМО КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевқа және Тамара Қосыбаеваның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды