Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БАӘ-де шаңды дауыл соғып, бірнеше ұшақ жергілікті әуежайға қона алмады

Дубай халықаралық әуежайында кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтатылды. Әуежай басшылығы қонуы тиіс 10 ұшақ өзге әуежайларға бағытталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz.


Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағын шаңды дауыл басты. Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, Абу-Даби және Дубай халықаралық әуежайларының аудандарында жолдың көріну деңгейі 500 метрден аз болды. Әуе айлағының басшылығы 10 рейсті Dubai World Central және басқа да көршілес әуежайларға жіберуге шешім қабылдаған.


Жергілікті Flydubai әуе тасымалдаушысы қонатын және ұшатын рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайлары себеп болғанын мәлімдеді.

Метеорология орталығының ресми ауа райы бюллетеніне сәйкес, шаңды дауыл мен жаңбыр алдағы төрт күн бойы жалғасады.

Абу-Даби полициясы жүргізушілерді қатты жел мен шаңда жолдың нашар көрінуіне байланысты абай болуға және шаңды дауылды фото-видеоға түсірмеуге шақырды.


«Өзіңіздің және өзгелердің қауіпсіздігі үшін бейнекамераға түсіруге немесе телефонға алаңдамаңыз», - деп хабарлады полиция.

Кешкісі Әл-Айн, Рас-әл-Хайма және Фуджейра әмірліктерінде қатты жаңбыр жауды. Билік тұрғындарға су тасқыны мен көшкінге бейім аудандардан аулақ болу қажеттігін ескертті.


Биыл Ирак, Кувейт, БАӘ, Сауд Арабиясы, Иран және басқа да елдердегі құмды дауылдар климаттың өзгеруіне байланысты күшейе түсті, деп хабарлайды AlArabiya агенттігі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді