Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сағынтаев алматылықтарды Қала күнімен құттықтады

Алматы әкімі Facebook-тегі өзінің аккаунтында мегаполистің дамуына қосқан үлестері үшін қала тұрғындарына алғысын білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
«Алматы туған күнін тойлауда. Бұл әр адам үшін ерекше күн. Пандемияға қарамастан қала дамып келеді», — деп жазды Алматы әкімі.
Биыл 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мыңдаған алматылық баспаналы болады. Олардың ішінде 248 мыңнан астам немесе 4926 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына беріледі. 1 013 көпбалалы, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар тұрғын үйге ие болады. Жұмыс істейтін жастар үшін 1 050 жалдамалы пәтер қарастырылған. "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бойынша – 1 000 жеңілдетілген несие көзделген. Бұдан басқа жекелеген санаттар үшін "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны құюға 1 млн теңгеден 2 мың тұрғын үй сертификаты көзделген.
«Жыл соңына дейін 16 мыңға жуық оқушыны қамтитын 31 білім беру нысанын пайдалануға береміз. 61 мектеп жанындағы спорт алаңдарын жаңартудамыз. 10 жабық спорт кешені салынуда», — деп атап өтті мегаполис әкімі.
Қаланы көгалдандыру бағдарламасы жалғасуда. Осы жылдың көктемінде 64 мың түп ағаш егіледі. Қазан айынан бастап тағы 350 мың ағаш отырғызылады. 22 саябақ пен сквер жөнделіп, жалпы ауданы 284 га болатын 8 жаңа саябақ аймағының құрылысы басталды.
«Біз бірге Алматыны әдемі, жайлы әрі әсем етіп көркейтеміз. Бүгін ортақ игілік үшін еңбек еткен әрбір жанға алғыс айтқым келеді! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!», — деп жазды Б. Сағынтаев.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты