Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қармен сөндірді

 

29 қаңтардағы 14 сағат 37 минутта Бесқарағай ауылындағы өрт сөндіру қызметіне өрт сөндіру бөлімінен 35 шақырымдағы Қарабас ауылында үй өртеніп жатыр деген ақпарат келіп түсті. Жауынгерлік есеп дереу шақыру орнына шықты. Алайда қардың жолды үрлеп тастауы салдарынан өрт сөндіру машинасы жанып жатқан үйге жете алмады. 


Әр сәт қымбат еді, сондықтан да еш кідірместен жігіттер от шарпыған үйге жаяу кетті. Жолсызбен 2,5 шақырымды артқа тастап ауылға жеткен кезде отқа оранған үйді көрді. Үй ағаштан салынған екен және толығымен дерлік жанып кеткен. Жанындағы шаруашылық құрылыстарын құтқару қажет еді. Өрт сөндірушілер оларға қар лақтырып және бір уақытта өртеніп жатқан үйдің ағаш конструкцияларын бұза бастады.



Өрт сөндіру көлігі өрт орнына жергерлікті кәсіпкердің техникасымен жолды тазалағаннан кейін 2 сағаттан соң ғана жете алды және өртті кешкі сағат 8-ге таман ауыздықтады. Мерт болғандар мен жарақаттанғандар жоқ.

 

«18 жыл қызмет ету кезінде осындай оқиға алғаш рет. Өрт орнына жаяу қалың қарды омбылап жетіп және өртті қармен өшіргеніміз өмір бойына есте қалатын шығар. Үй толығымен ағаштан салынған, лакпен өңделіпті, сондықтан да болар сіріңке үйіндей жанып кеткен» - дейді бөлімше командирі Игорь Кизь.





Мамандар өрттің шығу себебі – жылыту пешін пайдалану және салу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу деген болжамды қарастыруда.


Фото: ШҚО ТЖД

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
СОНДАЙ-АҚ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты