Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

165 қауіпсіздік қызметкері – ауысымда болған, бірақ әуежай күзетілмеген. Стратегиялық объектілерді қалдыру фактілері бойынша тергеу жалғасуда

Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаменттерін, Алматы әуежайының ғимараттарын тастап кету фактілері бойынша жұмыс жалғастыруда. Бұл органдардың басшылары күдікті ретінде танылды. Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ол қызметтік қаруды сақтауға жауапты болды және қару арсеналының бір бөлігін тоналуына жол берді. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, нәтижесінде қылмыскерлердің қолында 610 қару, соның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтер болды.

«Қазіргі уақытта 206 ғана қару табылды, қалғандары қылмыскерлердің қолдарында. Сонымен қатар, Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды.Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша, әуежайды басып алуға жол берді. Нәтижесінде әуежайға айтарлықтай зиян келтірілді, оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланып, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнді. Дей тұрғанымен сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған. Олардың барлығы да шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруларымен қамтамасыз етілген болатын», - деді Бас прокуратура өкілі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады