Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында 147 ШОБ субъектісіне келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс басталды

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының барлық салаларында өсім қамтамасыз етілді. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Өнеркәсіп өндірісі 11,8%, сауда көлемі – 22,2% артса, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 трлн-нан асып, 101,3% құрады. Бір млн шаршы метрден астам тұрғын үйлер қолданысқа беріліп, облыс экономикасына 728 млрд теңге инвестиция тартылды», — деді Қ. Бозымбаев. 

Биылғы жылы да экономикалық өсімнің тұрақты динамикасы сақталатын болады.

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес облыс орталығында қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың төрт нысаны жөнделді. Облыс әкімдігі, полиция басқармасы және Нұр Отан партиясы ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаза тапқан күштік құрылым қызметкерлері отбасыларының әрқайсысына 5 млн теңгеден өтемақы төленді. Екінші деңгейлі банктермен қаза тапқандар мен олардың туыстарының кредиттері кешірілді. Зардап шеккен 135 полиция қызметкері мен әскери қызметшілерге 2 млн теңгеге дейін төленуде. Шағын және орта бизнестің 147 субъектісіне жалпы сомасы шамамен 4 млрд теңгеге келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс басталды», — деді облыс басшысы.

Орын алған оқиғалардан кейін тұрғындардың белгілі бір топтарының наразы көңіл-күйінің себептеріне талдау жасалды. Негізгі мәселе халық табысының төмен деңгейі болып табылады. Облыста 53 мың жастың арнайы орта немесе жоғары білімі жоқ, оның 21 мыңы жұмыс істемейді және оқымайды.

Осылайша, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі 2015 жылғы 2,3%-дан 2020 жылы 4%-ға дейін өсті. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 10%-ға  248-ден 272 мың адамға дейін артты.

Әкімнің айтуынша, тағы бір өзекті мәселе - азық-түлік бағасының үнемі өсуі. Қазіргі уақытта бағаны күнделікті бақылау үшін облыс орталығында және барлық аудандарда мониторинг топтары құрылды.

«Облыс бюджетінен 5,7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде тұрақтандыру қорына тауарлар сатып алуға 1,1 млрд теңге және жеңілдікпен кредиттеуге 4,6 млрд теңге, оның 80%-ы тауар өндірушілерді кредиттеуге бағытталды. Олармен 5800 тонна өнім жеткізуге келісімшарт жасалды, тұрақтандыру қорында 1320 тонна көлемінде азық-түлік тауарлары бар. Жуық арада қосымша тағы 2 млрд теңге бөлінетін болады. Жалпы, баға мен коммуналдық қызметтердің тарифтер мәселесі тұрақты бақылауда», — деді Алматы облысының әкімі.

Сонымен қатар, өңірлік сәйкессіздікті қысқартып, халықтың табысын арттыру мақсатында дамудың басым бағыттары анықталып, Іс-қимыл жоспары әзірленді. Облыстың 2025 жылға дейінгі инвестициялық портфелі қалыптастырылды, оған жалпы сомасы 2,8 трлн теңге болатын 289 жоба кіреді, 19 мың жұмыс орны құрылады.

«Аудандарды біркелкі дамыту мақсатында Талдықорған өңірінде жалпы сомасы 1,1  трлн теңгеге 94 жоба іріктеліп, 6 200 жұмыс орны құрылады және кадрларды даярлау жүргізіледі», — деді әкім. 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарықты толықтыру шаралары көзделген.

2026 жылға дейін көкөністерді жыл бойы өндіруге көшу үшін 45 га жерде 10 ірі жылыжай шаруашылығы іске қосылады, олардың жалпы өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды. Бұл көкөністердің жалпы өндірісін екі есеге арттыруға және 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Облыс құс етін өндіруде бәсекелестік артықшылыққа ие және республика нарығы көлемінің 32%-ын алады. Импортты алмастыру тапсырмасы шеңберінде жалпы қуаты жылына 76 мың тонна, инвестиция көлемі 85 млрд теңге болатын екі ірі құс фабрикасының құрылысы және бір фабриканы кеңейту жоспарлануда, 1100 жұмыс орны құрылады.

«Дәстүрлі салалармен қатар минералдық шикізатты өндіруге және қайта өңдеуге баса назар аударылатын болады. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған, мәселен, қуаты 3,3 млн тонна, инвестиция көлемі 94,5 млрд теңге, 400 жұмыс орны ашылатын Бұғыты кен орнында "Жетісу Вольфрамы" компаниясының вольфрам рудасын өндіру», — деді Қ. Бозымбаев.  

Тағы бір маңызды жоба қуаты 25 млн тонна мысты құрайтын,  инвестиция көлемі 650 млрд теңге, 1200 жұмыс орнымен «Көксай Мұзбел» компаниясының тау-кен байыту комбинатының құрылысы. 

Бірақ жоба қазіргі салық режиміне және мыс бағасына жоғары сезімталдыққа байланысты рентабельді емес, сондықтан Ұлттық экономика министрлігінен «Көксай» кен орнын төмен рентабельді санатына жатқызуды және пайдалы қазбаны өндірудің тиісті салық мөлшерін белгілеу сұралады.

«Көлік-логистика саласында ірі халықаралық ойыншыларды тарта отырып, транзиттік әлеует барынша пайдаланылатын болады. Экспорттық, сондай-ақ импорттық бағытта жүктерді ауыстырып тиеуге, сақтауға және қоймалауға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Мысалы, «DAR RAIL Infrastructure» компаниясы «Достық» стансасында құны 25 млрд теңгені құрайтын ауыстырып тиеу терминалын салады, 150 жұмыс орны құрылады. Жоба Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жылына 9 млн тоннаға дейін жүк пен 300 мың контейнерді ауыстырып тиеуді, сақтауды және қоймалауды көздейді», — деді Қ. Бозымбаев. 

Әкімнің айтуынша, Жетісу жері табиғи-рекреациялық, тарихи-мәдени ресурстарға бай. Дұрыс әдіс қолдана отырып, туризм саласын экономиканың толыққанды драйверіне айналдыруға болады. Алматы тау кластерін, Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауларын, ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту басымдық болып табылады.

«Алматы тау-кен кластері аясында жалпы сомасы 546 млрд теңгеге 6 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 8 жобаны іске асыру жоспарланған. 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімдегі туризмнің үлесі 6% дейін өседі. Жалпы, облыстың инвестициялық бағдарламасын толық іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай жалпы өңірлік өнімнің жыл сайынғы өсуі кемінде 5% деңгейінде күтіледі, 35 мың тұрақты жұмыс орны және шағын және орта бизнес саласында 75 мың жұмыс орны құрылады», — деді Қ. Бозымбаев. 

Экономиканың дамуымен қатар, облыста әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде мәселелер бар, оларды шешу халық арасындағы әлеуметтік шиеленісті болдырмауға септігін тигізер еді. Үкіметтің қолдауынсыз облыста бұл мәселелерді өздігінен шешу қиынға түседі.

Біріншіден, бұл үш ауысымды оқытуды жою. Қазіргі уақытта облыста 54 үш ауысымды мектеп бар. 

Бала туудың жоғары көрсеткіші мен ішкі көші-қон есебінен оқушылар контингенті жыл сайын 20 мың балаға өседі, бұл үш ауысымды жаңа мектептердің пайда болуына алып келеді.

Осыған байланысты, 2025 жылға дейін 115 мектеп салу қажет, оның 83 мемлекеттік бюджет есебінен салынуы тиіс.

Екінші. 2025 жылға дейін облыста жалпы сомасы 153,4 млрд теңгеге қайта жаңарту және күрделі жөндеу жолымен 114 мың га суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда. Бұл суармалы жерлерден жалпы өнімді 35%-ға  арттыруға және шамамен 9,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Үшінші. Облыста елді мекендердің 91,5%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Алайда, жоғары көрсеткішке қарамастан, су құбыры құрылыстары мен желілерінің басым бөлігі тозған, 234 ауылда сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту талап етіледі.

Төртінші. Облыста 164 елді мекен немесе газдандыруға жататын елді мекеннің 35%-ы газға қосылды, 1,3 млн адам газға қол жеткізді. «Алматы-Талдықорған» магистральдық газ құбырын толық жүктеу үшін іргелес елді мекендерде газ тарату желілерін салу қажет.

Желілерді бюджет есебінен салу газға қосылу бағасының төмендеуіне ықпал етеді.

Бесінші. 214 мың адамға тұрақты баспанаға айналған 690 саяжайда инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылым салу қажет. Немесе Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ және Қарасай өңірлерінде жаңа тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдарды салу үшін жеке және мемлекеттік инвестицияларды пайдалана отырып, қоныстандыру керек.

«Біз осы мәселе бойынша Іс-қимыл жоспарын дайындап жатырмыз және Үкіметтен көмектесуін сұраймыз. Жоғарыда аталған мәселелерді Үкіметпен бірлесіп пысықтауға және бірлесе қаржыландыруға республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлуге қолдау көрсетуіңізді сұраймын», — деп түйіндеді Қ. Бозымбаев. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді