Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сағынтаев: пандемияға қарамастан, Алматы экономикасының өсімі қамтамасыз етілді

Халықпен есептік кездесуінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың қорытындысы бойынша мегаполистің экономикалық көрсеткіштерінің өсуі қамтамасыз етілгенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы деректі фильмде айтылған деректер бойынша КВИ бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы Алматы экономикасының базалық салаларында өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мысалы, өнеркәсіптің 4,6%-ға өсуі қамтамасыз етілді, құрылыс жұмыстарының көлемі 10,6%-ға ұлғайды, тұрғын үйді пайдалануға беру - 14,2%-ға, байланыс қызметтерінің көлемі 8,2%-ға өсті.


«Біз теріс (кері) сценарийді іске асыруға жол бермедік және іс жүзінде барлық экономикалық көрсеткіштерді арттырдық. Біз саудадағы, тасымалдаудағы және қоймаларда сақтаудағы құлдыраудың экономиканың басқа салаларындағы өсіммен өтелуіне қол жеткіздік. Сонымен қатар, біз жаңа перспективалы секторларды – цифрландыру мен смарт-индустрияны, креативті экономика мен туризмді дамытуға серпін бере алдық», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.


Өткен жылы Алматыда 2,4 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі нақты көлемнің 17,2% - ға өсуімен 971,2 млрд теңгеге жетті. 76,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша – 46,3 мың. Ағымдағы жылы 50 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. Әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. 28 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам оңалтумен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді