Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үштөбеде зиратты қиратқан күдікті ұсталды

Полицейлер Үштөбе қаласындағы зираттарды қиратты деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Психикасының бұзылуынан зардап шегетін Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны жерлеу орындарын қиратты деген күдікке ілінді. Ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша тағайындалған сараптаманың нәтижелерімен расталады.

Зираттарды қорлау қылмысы 16 қаңтарда орын алғаны анықталды. 14 жерлеу орны бүлінген және қираған, олардың металл қоршаулары қиратылып, ағаш және темір кресттер сындырылған. Құлпытас жазбалары мен ескерткіш гүл шоқтары жан-жаққа шашылған. Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен зираттар қорымның шет жағында орналасқан. Қайтыс болғандардың туыстарына хабар берілді. Тексеру барысында ұрлық деректері анықталған жоқ.

Күдіктінің 60 жастағы анасы қала тұрғындарынан бала кезінен ауыр психикалық ауытқудан зардап шегетін ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады.

Қаратал ауданының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы “Тағылық” дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдіктінің психикалық жай-күйін ескере отырып, ұсталған адам облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырды. Дерек бойынша тергеу іс-шаралары ерекше бақылауда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты