Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бас прокуратура қазақстандықтарға жүгінді


Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сотпен экстремисттік деп  танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйыммен 2019 жылғы 21 қыркүйекте заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратылуда, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Деструктивті күштер әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекетаралық қатынастар туралы жалған ақпарат тарата отырып, халықты адастырып  тәртіпсіздіктерді, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынған, сондықтан құқық қорғау органдары заң бұзушыларға заңмен белгіленген тәртіпте ден қойып, қатаң шаралар қолданатын болады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қылмыстық кодексте жауаптылық қарастырылғанына  назар аударамыз:


- 174-бапта әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ оларды насихаттайтын материалдарды дайындағаны, таратқаны үшін (егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру мүмкін);

400-бапта азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіргені үшін (200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 50 күнге дейін қамауға алу);

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған (ауырлататын жағдайларда - 50 АЕК айыппұл, 15 күнге дейін қамауға алу қаралған).

Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сонымен бірге экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және қаржыландыру Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын түсіндіреді:

- 405-бапта экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру);

- 158-бапта экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу үшін (мүлкін тәркілеумен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру);

- 258-бапта террористік немесе экстремистік әрекетке дем берушілік  және терроризм мен экстремизмнің басқа да жолдарын қаржыландыру үшін  (мүлкі тәркіленіп 12 жылға дейін).

Сонымен қатар, қатысу дегеніміз тек заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру және жүргізу ғана емес, сонымен бірге тыйым салынған ұйым идеяларын үгіттеу, насихаттау, жариялау, буклеттер, посттар, пікірлер және басқа да ақпараттық материалдарды даярлау, шығару және тарату болып табылады.

Қаржыландыру дегеніміз - ақшаны немесе басқа мүлікті беру, жинау, сыйлық жасау, ауыстыру, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақпарат және басқа да қызметтер көрсету саналады.

Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес экстремистік топтың қызметіне қатысуды ерікті түрде тоқтататын адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Бас прокуратура азаматтарды заңдарды қатаң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және елімізде тыйым салынған ұйымдардың заңсыз әрекеттері мен қызметіне қатыспауға шақырады.

Сурет: rokuror.gov.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады