Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында қажеті жоқ анықтамаларды сұрату фактілері анықталды

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың басшыларымен және бақылау қызметін атқаратын жұмысшылармен кездесу өткізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселесін талқылады, деп хабаралйды Kazlenta.kz Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Департамент басшысы Берген Беспалиновтың айтуынша, басты мақсат – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мобильді түрге ауыстыру, азаматтарды электронды қызмет алуға үйрету болып табылады, себебі бұл жемқорлықтың алдын алып қана қоймай, жұмысшыларға түсетін ауыртпалықты азайтады.


Жиын барысында мектепке қабылдау барысындағы арнайы стандарттармен көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері талқыланды.Мысалға, жеке дара білім беру ұйымдарындаәлі күнге дейін мекен-жай анықтамасын және учаскелік дәрігердің анықтамасынсұратып келеді. Бұл қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы.


«Құқық бұзушылықтардың негізгі себептері қызметтердің қағаз түрінде көрсетілуінде, және азаматтардың құқықтық сауаттылығы деңгейінің төменділігінде. Көптеген азаматтар қандай анықтамаларды беруге міндетті емес екендерін білмейді» - деп Департаменттегі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Әділбек Қайырболатұлы мәлімдеді. 


Оның айтуынша, дәлосындай құқық бұзушылықтарөткен жылы өткізілген бақылау шаралары барысында анықталып еді, бірақ өкінішке орай жеке дара ұйымдардың басшылары өздері үшін қорытынды жасамай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бұзуда.



Оған қосаАқмола облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80% денсаулық сақтау саласы ұйымдарымен көрсетілетіні, бірақ бүгінгі таңда Денсаулық сақтау басқармасында бұл қызметтердің сапасын қадағалайтын құрылымның жоқтығыайтылды. Аталған жағдай да жалпы қызметтердің сапасына ықпал етеді. Дәл осындай құрылым Ақмола облысы білім басқармасында да жоқ екен.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ұдайы арттырып, оларды көрсету үдерісін тұрақты түрде дамытып отыру қажет. Азаматтарға қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты сапалы жеткізу қажет. Сонда ғана біз азаматтардың бізге деген сенімін арттырып,жемқорлық деңгейін төмендетеміз. Бұған еш бөгет жоқ, қалауымыз болса болды» - деп Берген Беспалинов ескертіп өтті.


Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарға электронды түрде көрсету мүмкіндігі бар қызметтерді қағаз түрінде көрсетуді тоқтату, қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандырудың барлық құралдарын тиімді қолдану,әлеуметтік желілерде жұмыс істеу сияқты ұсыныстар енгізілді.


Фото: Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасы Департаментінің баспасөз қызметі
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі