Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада ҚДТ экстремистік ұйымының белсенділері ұсталды


Елордада ҚДТ экстремистік ұйымының белсенділері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы  «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) экстремистік ұйымына қатысы бар бірнеше азаматқа қатысты іс қозғады. Оларға ҚР ҚК 405-бабы бойынша айып тағылған.

«Қылмыстық іс аясында 9 адамға қатысты тінту жүргізіліп, ол жерден компьютерлер, флешкалар, смартфондар, микрофондар және аэрозольды бояулар алынды. Соттың санкциясымен үш азамат қамауға алынды, қалғандарына қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде» делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орындарға парақшалар жапсырып, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату арқылы рұқсат етілмеген митингіге шақырған елорданың 7 тұрғыны  - М. Мамбетов, А. Онланбекқызы, А. Мустафина, И.А. Горохов, А.К. Нурушева, Е.Б. Есхожин, К. Байнукей анықталып, ұсталды. Олардан компьютер, процессорлар, флешкалар мен смартфондар тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды.


«Аталған азаматтар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК 488-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, қамауға алынды. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады» деп мәлім етті ведомстводан. 

Полиция департаменті ҚДТ тіркелмеген экстремистік ұйымының қызметіне тыйым салынғанын, ҚДТ белсенділері ұйымдастырған санкцияланбаған митингілерге қатысқан жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Фото: inform.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты